5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

«ЭТНО FASHION» ДЕФИЛЕ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Шымкент еліміздегі сән өнері кең өріс алған шаһар. Сан түрлі этнос өкілдеріне құт қоныс болған қаламызда бірнеше тігін фабрикалары, сән ательелері жұмыс істейді. Киім үлгісінде ұлттық ою, орнаменттік элементтерін қолдану арқылы эксклюзивті өнімдер шығару жолға қойылған.
Бүгін қалалық «Достық үйінде» сән өнерін арқау еткен «Этно fashion» дефиле байқауы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткен байқауға этностық топ өкілдерінің қыз-келіншектері қатысып, қазақы нақышпен тігілген киім үлгілерін көпшілікке таныстырды.Соның бірі – күші басымдау халықтың өзге бір этносты «тарихта елеулі істер жасамаған, кеш пайда болған кемшін ұлт, сол себепті өз еркімен өмір сүруге тиісті емес» дегендей пікір таратып, жаулап алуы. Әрине, ескі жазба деректерде аты мен істері таңбаланған халықтарға басқыншылық мұндай сылтаумен жасала бермейді. Әрине, осы аталған рулардың кейбірі ертеде дәл бүгінгі орнын мекен етпеген де болар. Бірақ, мақсат руларға үлес бөліп беру емес, олардың Қазақстан жерінде, қазақ этносының құрамында екенін көрсету, сол арқылы қазақтың «жас» емес, ежелгі этнос екендігін дәлелдеу.
Сән-салтанатты мазмұн еткен бұл іс-шарада қазақтың ұлттық киім үлгілері көрсетіліп, ұлтымыздың өнері мен мұрасы, дәстүрлі дүиетанымы дәріптелді. Этноқұндылық санатындағы бұл киім үлгілері қыз-келіншектеріміздің иманжүзділігін, инабатын, қорғанын, талғамын, дәрежесін, дәрежесін айшықтайды.
Сән өнерін тамашалаған қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын төмендегіше бөліп, сый-сияпатын табыстады:
Ергешбаева Дильбар — І-дәрежелі дипломмен;
Филипчук Анастасия — ІІ-дәрежелі дипломмен;
Бабаева Багуль — ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталып, үздіктер қатарынан көрінді.

Ұқсас ақпараттар

ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫНДАҒЫ АҚАУЛАР ШҰҒЫЛ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

«AVTOBYS» ЖҮЙЕСІ ШЫМКЕНТТЕ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру