Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) – тыныс алу жолдарының зақымдалуымен жүретін полиэтиологиялық аурулар тобы.
Шымкент қаласының тұрғындары арасында 2022 жылдың 10 айында 29501 ЖРВИ тіркеліп, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (14174 жағдай) аурушаңдық 2,0 есеге жоғарылаған. Ауырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 75,1%.
Өткен эпид.кезеңде (2021 жылғы қазан айы мен 2022 жылғы сәуір айы аралығында) тұмаудың нақтыланған 16 жағдайы тіркелді.
2022 жылдың эпидемиологиялық маусымында (1 қазаннан – 02 қараша аралығында) 6144 жағдай жоғары тыныс жолдарының жұқпалы аурушаңдығы тіркелді, ал 2021 жылдың эпид.кезеңінде 1821 жағдай тіркеліп, аурушаңдықтың 3,3 есеге жоғарылағандығы байқалады. Эпидемиологиялық маусымда қалада тұмау аурушаңдығы тіркелмеген.
Қалада 2022 жылдың эпидемиологиялық кезеңінде мектеп оқушылары арасында ЖРВИ, тұмаудан топтық аурушаңдық тіркелмеген.
Ағымдағы мерзімде тұмауға қарсы егу алғандардың арасында аурушаңдық және егуден бас тартқандар жоқ.
Қалада тұмаудан басқа вирустар да таралуда. Басқа тұмаусыз инфекцияларға 30 сынама тексерілді, оның ішінде 17 сынамада (56,6%) оң нәтиже анықталды, риновирус – 4, парагрипп — 10, ротавирус –3.
Тұмаудан эпидемиологиялық маусымда аурушаңдықтың алдын алу барысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 134580 доза вакцина алынды, ол тұрғындардың 12,6% тұмауға қарсы егумен қамтуға жеткілікті. 2022 жылдың 02 қарашасына қарастырылған вакцинамен тұрғындардың 11,7% (128110 қауіпті топқа жататын адамдар) егумен қамтылды. Оның ішінде:
балалар — 31293, ересектер – 96817 (созылмалы аурулармен ауыратын ересектер – 33557, созылмалы аурулармен ауыратын балалар – 11470, медицина қызметкерлері – 11290,
жүкті әйелдер — 4971,
15 жастан жоғары оқушылар – 8114,
жабық мекеме, балалар үйінен, мектеп интернаты, қарттар үйінен – 1337 және басқалары).