8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСКЕ ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

Бұл туралы бүгін Ақпартаттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қалалық сотының судьясы Дінмұхаммед Әзіретқұлов және Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Тулешовтің қатысуымен сот жүйесіндегі жаңашылдықтар мен жетістіктер және Конститутциялық сот тақырыбында өткен баспасөз брифингте айтылды.

– ҚР Қылмыстық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Толығырақ айтқанда, азаматтың денесіне жеңіл түрде зақым келтіру, ұрып-соғу баптары алынып тасталды. Дегенімен кейбір қылымстық баптардың жазалары күшейтіліп жатыр.

Яғни мал ұрлау, масаң күйде көлік жол апатын жасаған деген баптар шықты. Ал терроризмді насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар, зорлау, ұрлық, тонау, алаяқтық, бұзақылық, үй-жайға заңсыз кіру қылмыстарына жаза аурлатылды, — деді қалалық соттың судьясы Дінмұхаммед Анқабекұлы.

Баспасөз мәжілінде Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Тулешов соттың қарауына қазір түсіп жатқан қылмыстық істердің 80 пайызы электронды форматта қаралатынын және ешқандай қылмыстық іс қағаз жүзінде қаралмайтынын жеткізді.

Сонымен қатар соңғы жылдары соттың қарауына түсіп жатқан қылымыстық істердің саны азайып, ақтау үкімі көбейюде.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАП ЕСЕП БЕРДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ШАЛА ТУҒАН НӘРЕСТЕГЕ КҮРДЕЛІ ЕКІ ОТА ЖАСАЛДЫ

smarttop

ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ МЕГАПОЛИС СӘУЛЕТІНЕ САЙ БОЙ КӨТЕРУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру