3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ОРЫН АЛҒАН ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТЖД БАСТЫҒЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

2022 жылғы 21 мамырда сағат 11:36-да «101» пультіне Еңбекші ауданы, Ғани Иляев көшесі, 142 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін
жарылыс салдарынан «Меж больничная 138 дәріхана» ЖШС-не тиесілі 2 қабатты жеке тұрған ғимаратта өрт шыққаны анықталды.

Оқиға орнына Шымкент қаласының басшылығы да құтқарушы, өрт сөндіруші, «жедел жәрдем» қызметкерлері және құқық қорғау органдарымен бірге тез арада жетті.

Аталған оқиғаға байланысты Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мадияр Жақсибаев ақпараттық-коммуникациялық орталықта едел-жедел брифинг берді.

Департамент бастығы төтенше жағдай орын алған ғимараттың жалпы ауданы 360 шаршы метр, қабырғалары кірпіштен қаланғанын атап өтті.

—Жарылыстан туындаған өрт сағат 12:06-да ауыздықталды. Шамамен 55 шаршы метр аумақ өртенген.
Жарылыс салдарынан ғимарат ішінара құлаған. Сондай-ақ 5 қабатты тұрғын үйдің жанындағы пәтердің балконы мен терезелері және 7 жеңіл автокөлік зақымдалды, — деді Мадияр Есенгелдіұлы.

Төтенше жағдай қызметінің басшысы өкінішке қарай оқиға орнынан ер адамның мәйіті табылғанын. Сонымен бірге қазіргі таңда жарылыстың шығу себебімен бірге, қаза тапқан азаматтың да жеке басы анықталып жатқанын жеткізді. Алдын ала мәлімет бойынша ол адам күзетші болуы мүмкін.

Өз кезегінде төтенше оқиғаны жоюға ТЖД-нің 37 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды.

Жарылыстың нақты неден туындағаны және төтенше жағдай қаупі сейілгенше тиісті жұмыстар жалғаса бермек.

Бұл оқиға бүгінгі таңда қала әкімдігінің жіті бақылауында.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ЖАУЫН-ШАШЫННАН ОЙЫЛҒАН ЖОЛДАРДЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫН ЖАҢҒЫРТУ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ӨЗ МАҚСАТЫНА ЖЕТТІ

smarttop

АБАЙ АУДАНЫ: АЯҚЖОЛДАР МЕН АЯЛДАМАЛАР ҚАРДАН ТАЗАЛАНЫП ЖАТЫР

smarttop

Пікір қалдыру