0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Полиция полковнигі Бағлан Халықов құрметті зейнеткерлік демалысқа шықты

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында, көп жылдар бойы ішкі істер органдарының қатарында абыройлы қызмет еткен Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бағлан Әнуарбекұлы Халықовты салтанатты жағдайда құрметті демалысқа шығарып салды.


Бағлан Халықов ішкі істер органдарында 1991 жылдан бері қызмет етіп келеді. Алғашқы жұмысын орталықтандырылған күзет пунктінің кезекші лауазымынан бастаған, одан ары кадр және тәрбие жұмысы басқармасында түрлі басшылық лауазымдарды атқарған. ОҚО ІІД Тіл саясаты және ақпарат басқармасы бастығының орынбасары болған. Одан кейін ОҚО ІІД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мен кадр жұмысы басқармасын басқарған. 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. Қызметтегі жауапкершілігі мен біліктілігі еленіп, ҚР ІІМ-нің арнайы медаль, грамота және алғыс хаттарымен марапатталған.
Салтанатты шарада Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қызмет атқару барысында, өзін тәжірибелі маман және басшы ретінде танытқан Бағлан Әнуарбекұлын құрметті демалысқа шығуымен құттықтап, көп жылғы қызметі, борышқа адалдығы және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ мінсіз қызметі мен полиция қызметін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Алғыс хат» пен естелік сыйлықтар табыс етті.
Бейнетінің зейнетін көруге құрметті демалысқа шыққан Б.Халықовқа әріптестері зор денсаулық пен отбасына амандық және тіледі. Қызметтестерінің көрсеткен қолдауы мен жылы сөздері үшін зор ризашылығын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

ҰЖЫМДАҒЫ ЕҢБЕК ДАУЫН БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУДІҢ ӨЗІНДІК РЕТТІЛІГІ БАР

smarttop

ЕГЕМЕНДІК ТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

smarttop

“ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫМЕН” ЖҰМЫС ІСТЕП ЖҮР

smarttop

Пікір қалдыру