Smarttop.kz

ТҮРКІСТАНДА БІЛІМДІ ӨРЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласыдағы «Ақжайық» музыкалық мектебі ғимаратында «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында күміс және қола медалінің шарттарын аяқтаған Түркістан өңірінің 79 оқушысы марапатталды. Мұндағы мақсат – жасөспірімдерді қоғам мен мемлекет өміріне белсенді қатысуға тарту. Сонымен қатар бағдарлама қатысушыларға өз қабілеттерін ашуға, өздерінің даму жоспарларын іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға көмектесу көзделген.
Түркістан облысы бойынша 2020 жылы шілдеден бастап, мыңдаған оқушы «Елбасы медалі» бағдарламасы қатысып, 2021 жылы наурыз, қыркүйек айларында 188 оқушы қола медалінің тапсырмаларын орындаған болатын. Бағдарламаның шарты бойынша қатысушылар спорт және дене шынықтыру, еріктілік, саяхат, кітап оқу және өзін-өзі дамыту жолындағы бағыттарға қатысады.
2021-2022 оқу жылында Түркістан облысы бойынша жас өрендер 78 қола және 1 күміс төсбелгілерімен салтанатты түрде марапатталды. Әсіресе Созақ, Келес, Ордабасы аудандары мен Кентау, Арыс, Түркістан қаласынан үздіктер көп болды.

Ұқсас ақпараттар

СОЛТҮСТІК САЯЖАЙДЫҢ 1149 ШАҚЫРЫМЫНА ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛДЫ

smarttop

Түркістан облысының полицейлерімен жыл басынан бері заңсыз айналымнан 130 келіге жуық есірткі заты тәркіленді

smarttop

58 МЫҢ ТҰРҒЫНҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ЕМХАНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру