13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер кеурек дәрілік шөбін қазып, заңсыз жұмыс істеп жүрген 23-шетелдікті анықтады

Түркістан облысының полицейлері заңсыз көші-қон желілерінің алдын-алу және оларды ұйымдастырушыларды анықтау мақсатында қарқынды қызмет етіп келеді. Сондай-ақ облыс аумағында жүрген шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуде күнделікті жұмыстар жүргізуде.

Мәселен, Арыс ауданының тәртіп сақшылары далалы жерлерде өсетін емдік қасиеті өте жоғары дәрілік «кеурек» (ферула) шөбінің сөлін қазып, заңсыз жұмыс істеп жүрген 23-Өзбекстан азаматын анықтады. Олар далалы алқапқа шатыр тігіп, кеурек қазып жүрген жерлерінен ұсталды. ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша жауапқа тартылып, ел аумағынан аластатылды. Ал жұмыс беруші ҚР азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы «Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тек орын алған құқықбұзушылықты анықтап қана қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескерту жасалды. Түркістан облысының полицейлері бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыратын болады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ТӘЖІК ЕЛІНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

smarttop

ШЫМКЕНТ: ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЕКІ ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру