0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде елге заңсыз кірген шетелдік азамат ұсталды

Республика көлемінде «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осы шара кезінде Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Оның Сарыағаштағы шекара бақылау бекетінің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз кіріп келгенін анықтады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз есіп өту» бойынша тіркеуге алды. Тергеп-тексеру барысында күдікті азамат Өзбекстан Республикасының шекарасынан өтіп, Қазақстан Республикасының Келес ауданы арқылы заңсыз кесіп өткен. Тексеру кезінде шетелдіктің туыстарын паналап, жұмыс істеу үшін келгені анықталды. Мигрант жедел профилактикалық іс-шарасының мақсаты — облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қана қоймай, шетел азаматтары мен жұмыс берушілерге профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

smarttop

«ЖАҢАТАЛАП» АУМАҒЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ЖҮРДІ.

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КОММУНАЛДЫҚ ТАРИФТЕР ДЕҢГЕЙІ ТҰРАҚТЫ

smarttop

Пікір қалдыру