Smarttop.kz

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгінде Шымкент қаласының коммуналдық меншігінде 36 медициналық ұйым бар. Оның ішінде 15-і ауруханалық ұйым, 14 амбулаторлық-емханалық ұйым және 7 мекеме басқа бейінге бағытталған.

Шаһарда медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында, олардың материалдық базасын жаңартып, көрсетілетін қызмет түрлері кеңейеді.

Атап айтқанда, №1қалалық клиникалық аурухана, №2, N3 қалалық ауруханаларында медициналық көмек түрі артып, көпсалалы аурухана болып қайта құрылады.

Көпсалалы ауруханаға айналатын мекеменің бірі — қалалық балалар клиникалық ауруханасы. Жаңғырту жұмыстарынан соң ауыр дертке шалдыққан балалардың өзге қалаға сабылмай осында ем алып, күрделі оталар жасауына мүмкіндік туады.

Бұл бағыттағы негізгі жұмыстар іске асып, орындалуда. Қазірде балалар ауруханасында нейрохирургиялық, күйік, урологиялық, торакальды хирургия, нейрохирургиялық медициналық оңалту бөлімшелерінің қызметтері жолға қойылды, неонатальды хирургиялық көмек көрсету түрі ұлғайып, жаңа туылған балаларға медициналық көмек тек қалалық балалар ауруханасында көрсетіле бастады. Нейрохирургиялық оталарды жандандыру мақсатында соңғы үлгідегі заманауи аппараттар орнатылды.

Ұқсас ақпараттар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ӘПЕРЕМІН ДЕП АЛДАҒАН ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕГІ ТҰРАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРҒА ӨЗ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУДЕ

smarttop

Қанат Серікұлы ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды

smarttop

Пікір қалдыру