18.2 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

Полицейлер «Балаларды қорғау» күніне орай кіші футболдан турнир өткізді

1 маусым – Балаларды қорғау күні екендігі баршамызға белгілі. Осы күнге орай, әрбір отбасындағы баланың көңілін қуаныш кернейді. Себебі, әр балаға ерекше көңіл бөлініп, олардың құрметіне түрлі шаралар ұйымдастырылады. Мәселен, Түлкібас аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауданның жастары арасында кіші футболдан турнир өтті. Шараның мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, оларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Осы турнирге ауданның барлық ауылдық округтерінен жасөспірімдерден құралған 15 команда қатысты. Футболдан өздерінің жылдамдықтарымен дараланып, көзге түскен командаларға арнайы сыйлықтар берілді. Осы орайда I орынды «Қараағаш» командасы, II орынды «Достық» командасы, III орынды «Сейсенбаевтар» командасы иеленді. Жүлделі орын алған командаларға ақшалай және құнды сыйлықтар табысталып, грамоталармен марапатталды. Өз кезегінде сайысқа қатысушылар осындай шара ұйымдастырған полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

КОНГРЕСС ХОЛЛ ҚАЗАН АЙЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ЗАМАНАУИ ТАЛАПҚА САЙ ЖАҢА ЖОЛАУШЫЛАР ТЕРМИНАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру