Smarttop.kz

Сарыағашта суретші балаларға сыйлықтар берілді

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Балаларды қорғау» мерекесіне орай арнайы шара ұйымдастырды. Шараға полиция аға лейтенанты Майра Елемесова және Әсемай Анарбаева қатысты. Олар аудандағы бөбекжай балабақшасына арнайы барып, ондағы тәрбиеленуші балалармен еркін тақырыпта сурет салу бойынша іс-шара өткізді. Балалар өздерінің қиялындағы ойларын қағаз бетіне түсірді. Полицейлер бүлдіршіндерге мейрам қарсаңында ынталандыру үшін сурет салуға арналған дәптерлер мен қаламсаптарды сыйға тарту етті. Бұндай мақсаттағы іс-шаралардың балаларға берері көп. Себебі балалардың көңілдері көтеріліп, оларды рухтандырады. Балалар қоғамның қолдауын сезініп, мейірімге бөленеді. Тәртіп сақшылары мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынына уәде берді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ 15 ТҰРҒЫН ҮЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

smarttop

АРДАГЕРЛЕР ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНА ҮЛЕС ҚОСПАҚ

smarttop

ШЫМКЕНТ: 2022 ЖЫЛЫ БЕСІНШІ АУДАН ҚҰРЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру