Smarttop.kz

МӘМС: 400 балаға стоматологиялық қызмет көрсетілді

«Балаларға күлкі сыйла!» акциясы аясында Түркістан қалалық емханасы балаларға ақысыз стоматологиялық қызмет көрсетті.
Жалпы, емхана стоматологтары акция барысында Түркістан көмекші мектеп интернаты және облыстық тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттағы 400 балаға стоматологиялық қызмет көрсетіледі. Оның ішінде, тісің қарап, кеңес беріп, емдеп, жұлып, физотерапиялық шаралар жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, стоматологиялық аурулардың профилактикасы да ұйымдастырылды. Яғни, балаларға ауыз қуысы гигиенасын үйрету, профилактикалық жеке құралдарды таңдауға бағыттау, ауыз қуысы және тіс жақ жүйесінің патологиясы бар балаларды стоматолог дәрігерге жолдау, дәрігерге дейінгі стоматологиялық көмек көрсету шарларда өткізіледі.
-Қор филиалымен келісімшартқа тұрған медициналық ұйымның 73-інде стоматологиялық қызмет көрсетеді. Мәселен, «Билисбаев Б.Б.» ЖК, «Стоматологическая поликлиника» НГУ, «Айжан» ӨК, «НУРБОЛАТ» ӨК, «Торабтык аурухана» ӨК, «Бекен» ЖШС, «ГАПЛ» ЖШС, «Мед Алатау» ЖШС, «Медцентр-Кентау» ЖШС, Қ.А.Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті консультативті–дигностикалық клиникасы жеке меншік ұйымдары балалардың тісің МӘМС шеңберінде ақысыз емдейтін болады – деді, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев.
Қор филиалы тіс дәрігеріне жүрексінбей келіп, берілген кеңесті мұқият орындап жүрген балғындар дипломдармен марапаттады. Жалпы, аталмыш іс-шаралар облысқа қарасты медициналық ұйымдарда жаппай өткізіліп жатыр. Дәрігердің жолдамасынсыз ата-аналар балалардың тісің ақысыз емдетуге болады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік Кодекс жобасын түсіндіру үшін өңірлерге мобильді топтар жібереді

smarttop

ШЫМКЕНТ – РЕСПУБЛИКАДА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ САЛАСЫНДА КӨШ БАСЫНДА

smarttop

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШӘКІРТ ТЕГІН БІЛІМ АЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру