0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 700 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН

Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында екі мәселе қаралды. Бауыржан Әлтеев жетекшілік еткен жиында қаладағы жергілікті атқарушы органдар тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі іс-шаралар, Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есебі, оқу мекемелерінің білім сапасы мәселесі талқыға түсті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев жыл басынан бері білім және жер қатынастары саласында талдау жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Шаһарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда 218 іс-шара ұйымдастырылған. 11 саланы қамтитын сыбайлас жемқорлық тәуеуекелдері картасы әзірленген. Ал “Бизнеске жол” жобасы бойынша жыл басынан бері 700 кәсіпкердің құқығы қорғалды.Кәсіпкерлік қызмет — бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс,пайда) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылады. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің бірі.
Кәісіпкерлік қызмет — кәсіпкерлік тәуекелге негізделген және жүйелі түрде пайда (табыс) табуға бағытталған шаруашылық қызмет.
Кәсіпкерлік қызметтің заңдық белгілері қатарына төмендегілерді жатқызу керек:

  1. кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы және дербестігі;
  2. меншіктің болуы;
  3. тәуекел сипаты;
  4. пайда (табыс) алуға деген мүдделілік.

Кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы мен дербестігі кәсіпкердің жұмыс бағыттары мен әдістерін таңдау еркіндігі, шешімдерді тәуелсіз қабылдауы, әлдекімдердің жеке істерге араласуына жол бермеуі, құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруы. Олардың сақталуын, сот арқылы қорғалуын қамтамасыз етуі дегенді білдіреді. Кәсіпкер кез келген заңға қайшы келмейтін келісім талаптарын өз қалауы бойынша айқындап алуға, өзінің құқылары мен міндеттерінің ауқымын белгілеуге құқылы.

Қоғамдық кеңес мүшелері кәсіпкерлік мақсаттағы сауда нүктелерін беру мәселесіне зерделеу жұмыстарын жүргізу, тағы басқа мәселелер бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.
Сондай-ақ, кезекті отырыста Шымкент қаласының білім саласында cапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұргүл Шамшиева өткен жылғы жұмыстарды баяндады.
Қоғамдық кеңес мүшелері жекеменшік мектептерде білім сапасын бақылау, департаменттің ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жандандыру бойынша ұсыныстарын айтты.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ СУ БАСУ ҚАУІПІ БАР АУМАҚТАР ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

smarttop

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР

smarttop

ЖҰМЫС САПАЛЫ ЖӘНЕ УАҚЫТЫЛЫ АЯҚТАЛУЫ ҚАЖЕТ

smarttop

Пікір қалдыру