14.3 C
Шымкент
Воскресенье, 19 мая, 2024
Smarttop.kz

Генерал мен департамент басшылығы 10 ерекше баланың арманын орындады

«Барлық жақсылық балаларға!» ұранын алға тартқан полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қасиетті айда игі іс жасауға мұрындық болды. Яғни Түркістан қаласында құрылған «Армандар орындалады» жобасының 22-рет өткізілген мерекелік шарасында денсаулығына байланысты үй жағдайында оқитын 10 ерекше баланың тілегін орындады.
Аталған 10 баланың арманы жазылған тілек хаттарға облыстың бас полицейі мен департамент басшылығы қолдау білдіріп, орындалуына ат салысты. Балалардың қалауларын алып, оларға қуаныш сыйлауға асықты.
«Фараб» кітапханасында өткен жиында полиция департаментінің ресми өкілі Гүлнар Абдужаппарова, жас достарға өздері армандаған сыйлықтарымен қоса полиция департаменті бастығының «Алғыс хатын» табыстады. Одан әрі іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ұйымдастырушылар Түркістан қаласын алғаш рет көруге келген балаларға көрікті жерлерді электрокармен аралатып, қайықпен серуендетті. Бұл күн Бәйдібек, Ордабасы аудандарынан, Кентау, Түркістан қалаларынан келген кішкентай қонақтар үшін естен кетпес сәт болды.
Сонымен қатар өскенде полиция болғысы келетін жеткізген қиялы ұшқыр балалар жедел басқару орталығына барды. Олар үшін полицей аға-әпкелерінің бейнебақылау камераларымен жұмыс жасағанын көру, барлық қаланы көрсететін үлкен экранды тамашалау ерекше әсер қалдырды.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

smarttop

Полицейлер «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасы кезінде мас халде көлік басқарған жүргізушілерді анықтады

smarttop

ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ МАҢЫЗДЫ!

smarttop

Пікір қалдыру