Smarttop.kz

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Бүгін «Тәуелсіздік» саябағында 4 – маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздері күні» мерекесіне арналған іс-шарасы өтті.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

ҚР Мемлекеттік Ту ұстаған шерушілер үш топқа бөлініп қала көшелеріне шеруге шықты. Әуелеткен ән, туды желбіреткен 30 автокөлік шерушілері Төле би көшесінен шығып Ордасы алаңында бас қосса, 30 велоспортшылар шеруімен Қазыбек би көшесінен Ордабасы алаңына және Ту көтерген 30 еріктілер Әйтеке би көшесінен Орбасы алаңына келеді.

Тәуелсіздік саябағы, Рәміздер алаңында сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы және депутаттар, барша патриот жастар қатысты.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

smarttop

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА МЫҢҒА ЖУЫҚ ШАБАНДОЗ ҚАТЫСҚАН КӨКПАР ӨТТІ

smarttop

В Казахстане началась реализация проектов по строительству трех новых аэропортов

smarttop

Пікір қалдыру