8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

ҚАЗАҚ ӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ АСАНӘЛІ ӘШІМҰЛЫ: РЕФЕРЕНДУМ – ХАЛЫҚ БОСТАНДЫҒЫНЫҢ КӨРІНІСІ

Бүгін референдум барысында қала тұрғындары Конституциямыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесіне қатысты өз дауысын беруде.

Ұлы дала ұлағатына лайық өнерімен, барша көрерменнің көңілінен шыққан дара талант иесі, Алаштың ардақтысы Әшімов Асанәлі Әшімұлы референдумда дауыс берді. Шымкент қаласы, «Түркістан» сарайында орналасқан №231 референдум учаскесінде жанұясымен өз таңдауын жасап, іс шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

— Бүгін еліміз өз болашағын айқындайтын маңызды күн. Бұл жолда Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев референдум жариялау арқылы шешім қабылдауды бүкіл халыққа салып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары билік алдында еліміздің заң жүйесін жетілдіру міндеті тұрды. Сөйтіп 1995 жылы конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін жалпыхалықтық референдум өткізілді. Араға 27 жыл салып Ата заңға қатысты жалпыхалықтық референдум тарихымызда екінші рет өтіп жатыр. Бұл жолы еліміздегі басты құжаттың 33 бабына 56 өзгеріс енгізілмек. Бұл – демократиялық жүйенің бір көрінісі. Бетбұрысқа бастар белес, кемел келешектің көкжиегі. Бүгін өтіп жатқан референдумды халықтың көп бөлігі қолдайды деп ойлаймын. Себебі халықтың көбі «даму үшін жаңаша өзгерістер керек» деп санайды, сондықтан саяси науқанға бір кісідей атсалысуда.

Ұқсас ақпараттар

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

smarttop

Полицейлер 70 жайт пәтер ұрлығын жасап, қамауда отырған ер адамның тағы бір ұрлыққа қатысы барын анықтады

smarttop

ВЕДЕТСЯ РАБОТА ПО РАЗЪЯСНЕНИЮ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА РК

smarttop

Пікір қалдыру