Smarttop.kz

«SHYMKENT PLAZA» АУМАҒЫНАН ТАШКЕНТ БАҒЫТЫНА АВТОБУСТАР ҚАТЫНАЙ БАСТАДЫ

Шымкент пен Ташкент арасында туристік ағынды арттыру үшін жаңа жобалар іске асуда. Соның бірі – екі қаланы байланыстыру үшін іске асқан «Шымкент-Ташкент» бағыты. Өткен апта ішінде «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы мен «Silk Road» ЖШС басшылығымен екіжақты келісім бойынша меморандумға қол қойылған болатын. Меморандум аясында аталған компания жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін қала орталығынан көлік қатынасын жасауға уағдаласқан болатын.

Нәтижесінде, осы аптадан бастап «Шымкент-Ташкент» бағытында халықаралық автобус бағыты жүре бастады. Жолаушылардың «Shymkent Plaza» ойын-сауық орталығы маңындағы туристік автобустарға арналған «Bus stop» тұрақтарынан мінуіне болады. Жалпы, автобустардың жиілігі күніне 3 рет: 08:30, 13:30 және 19:30-да.

Бұл бағыт – екі ел арасындағы туристік ағынды арттыруға ықпал етпек. Айта кетерлігі, билеттерді туристік ақпараттық орталықтың “visit-shymkent.kz” сайтынан онлайн түрде де сатып алуға болады. Жалпы, Шымкент қаласына келуші шетелдік туристер саны бойынша Өзбекстан екінші орынды құрайды. Бауырлас елден өткен жылы 2 мыңға жуық адам Шымкент қаласына саяхат жасау мақсатында келіп, орналастыру орындарының қызметіне жүгінген.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТ: «ҮЛКЕН АУЫЛДАН» АЗИЯНЫҢ ӘСЕМ ШАҺАРЫНА АЙНАЛЫП КЕЛЕМІЗ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІН САЛУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ СТАНДАРТЫ ҚАБЫЛДАНАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру