Полиция қызметкерлері қоғамның ең үлкен бөлшегі. Себебі олар қоғамның тыныштығын қорғаушы. Қашан да қиналғанға көмек қолын созатын маман иелері. Осы тұрғыда Арыс аудандық полиция бөлімінің полиция майоры Айжан Мырзахметова мен Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметінің сектор меңгерушісі Жазира Абылова «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ» тақырып аясында түсіндірме жұмысын жүргізді. Тиісті мамандар адам көп шоғырланатын жерлерге барып, тұрғындармен сөйлесіп, оларға зорлық-зомбылық туралы толық түсіндіріп, брошюралар таратты.
Полиция қызметкерлері күш қолдану, ұрып-соғу, намысқа тию, қоғамнан оқшаулау секілді зорлыққа душар болған жағдайда не істеу керектігі жайлы айтып өтті. Тәртіп сақшылары тұрғындардың сұрақтарына тұшымды жауап беріп, кеңестерімен бөлісті.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес еліміздің басым міндеттерінің бірі. Кез-келген жағдайда жәбір көрсеткен адам заң алдында жауап береді. Сондықтан егер сіз отбасында зорлық-зомбылық көрсеңіз немесе басқа адамның осы жағдайға тап болғанынан хабардар болсаңыз полиция қызметкерлеріне хабарласыңыз.