3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЕЛ ЕРТЕҢІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰРПАҚ ҚОЛЫНДА

Қала күні мерекесіне орай М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Жаңа дәуірдегі интеллектуалды ұлт» тақырыбында ғылыми «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Оқу ордасының «Рухани жаңғыру» және Қазақстан халқы Ассамблеясы орталығы бірлесе ұйымдастырған жиында интеллектуалды ұлт қалыптастырудың жолдары талқыға түсті. Іс-шараға факультет және жоғары мектептің профессор оқытушылар құрамы мен белсенді жастар қатысты.
Елдің интеллектуалдық капиталы мен қоғамның дамуы білім және ғылым арқылы, рухани құндылықтар арқылы қалыптасады. Осылай деген оқу орнының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова жастар қоғамның қозғаушы күші екенін, жаһандану дәуірінде интеллектуалды ұлт қалыптастырудың маңызы зор екенін атап өтті. Бүгінде университет қабырғасында 28 мың жас тәлім алады.
Сонымен қатар, жиында ОҚУ «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің деканы, э.ғ.к. доцент Марат Сейдахметов кітап оқу мәдениетін жаңғырту қажеттілігіне тоқталды.
«Химия және химиялық технология негіздері» кафедрасының доценті Мырзабай Нарманов, «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының PHD доценті Ермек Бекбосынов, «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Ильфа Құлмаханова және тағы басқа оқытушылар, жастар баяндама жасады.
Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов мұндай тағылымды басқосу жалғасын табатынын жеткізді. Жалпы дөңгелек үстел адамның білім сапасы, кәсіби икемділігі мен мәдениеттілігі, алдыңғы қатарлы инновацияларды, жаңа технологияларды меңгеруі, шығармашылыққа талпынысы, бәсекеге қабілеттілігін талдау мен сараптамалық зерттеуден өткізуді мақсат еткен.
Іс-шарада белсенді оқытушылар мен жастар Алғыс хатпен марапатталды.
«Шымкент келбеті» — Т.ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ

Ұқсас ақпараттар

ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖҮРУДЕ

smarttop

БАЛАБАҚШАЛАРДЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ 2024 ЖЫЛЫ БАСТАЛАДЫ

smarttop

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру