21.3 C
Шымкент
Четверг, 17 апреля, 2025
Smarttop.kz

«ШЫМ ҚАЛА КЕШТЕРІ» АТТЫ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Шымкентте биылғы жаз бұрынғы жаздан өзгерек. Олай дейтініміз, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй, ерекше демалыс сыйлау мақсатында «Шым қала кештері» атты концерттік бағдарламаларын 27 шілдеден бері тұрақты өткізіп келеді.
OPEN AIR форматындағы концерттік іс-шара қаладағы халық көп шоғырланатын демалыс аймақтарында әр сенбіде өтуде.
Сенбінің кешінде «Наурыз» алаңында «Шымкент-Цирк» эстрадалық оркестрі өнер көрсетсе, «Шымсити» саябағында опера және балет театры ұжымы әуелеген әнімен халықтың ыстық ықыласына бөленді.
Сонымен қатар, «Асар»шағын ауданы халқы «Шымкент концерт» ұжымының концертін тамашалап, кешті көңілді өткізді.
Өткізіліп жатқан іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени, рухани демалыс сыйлап келеді. Айта кетейік, «Шым қала кештері» күзге дейін жалғасады.

Ұқсас ақпараттар

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН 250 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

smarttop

БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ «ПАРЫЗ-2023″КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

smarttop

Қаратау ауданы Шымкент қаласының аудан аумақтарында қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде

smarttop

Пікір қалдыру