21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

Полицейлер дүкенде тұрған сөмкеден алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған күдіктілерді ұстады

Кентау қалалық полиция бөліміне әйел адам арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер дүкен ішінде тұрған қара сөмкесінен алтын бұйымдары мен ақшасын, сонымен қатар сөреде тұрған 8 дана ішімдікті ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 400 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде күдікті ретінде бұрын сотты болған екі ер адам ұсталды. Олар бір-біріне көршілер болып келеді. Анықталғандай екі көрші зат сатып алуға дүкенге кірген. Содан ешкімнің байқамай тұрғанын пайдаланып, оңай олжалы болуды көздеген. Қолдарына ілінген бөтеннің мүлкін жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қос ер азаматтан алтын бұйымдар тәркіленіп алынды. Күдіктілер ұрлаған алтын бұйымдарды жасырып қойып, ұрлаған ішімдіктерді ішкен. Қазіргі таңда екі жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін дүкендерге, ғимараттарға, тұрғын үйлерге бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар, өздеріңіздің жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер үйінде есірткі сақтаған тұрғындарды анықтады

smarttop

2024 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 18 КӨШЕ АСФАЛЬТТАНАДЫ

smarttop

26-маусым — Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні

smarttop

Пікір қалдыру