Үшінші мегаполисте соңғы бес жылда 3 млн. 700 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды, оның 2 миллионы соңғы екі жылда берілді. Ендігі кезектегі меже — жыл сайынғы тұрғын үй көлемін 2 млн. шаршы метрге жеткізу. Қазіргі уақытта Отбасы банкі өтінім беру жүйесін аяқтауға жақын. Бұл бағдарлама ең алдымен тұрғын үй кезегіне тіркеле алмайтын сала мамандарына арналған. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады. Жаңа тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде өтінімдерді қабылдау және әлеуетті қарыз алушылардың тізімін қалыптастыруда басты оператор Отбасы Банкі. Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлерді іріктеден өткізу балдық жүйе арқылы есептеледі.
Бағдарламаның шарттары: — Максималды несие соммасы — 20 млн теңге; — пайыздық мөлшерлеме — 5% (ЖТСМ — 5.2% бастап); — бастапқы жарна — 10%; — бірінші және екінші нарықтан баспана ала аласыз; — ЖАО-да кезекке тұру міндетті емес; — Шымкент қаласында соңғы 3 жылда тіркелген (прописка) болу керек; — белгілі бір жұмыс орнында Шымкент қаласында соңғы 12 айдан кем емес еңбек қызметін жүзеге асыру; — атыңызда және отбасыңызда соңғы 5 жыл баспана тіркелмеген болуы керек.
– Біз бүгін әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасауға дайынбыз. Бұл – елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар оптимистік жоба. Өркендеген Қазақстан – бұл, ең алдымен, мемлекеті өзін қорғап, қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, патриоттық танытатын өздеріне сенімді адамдардың мекені деп санаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Биыл мемлекеттік бағдарлама шеңберінді 4 445 отбасы баспанамен қамтылады. Шымкентте тұрғын үймен қамту бойынша биыл тұңғыш рет өңірлік «Қамқор» бағдарламасы қабылданды.