33.3 C
Шымкент
Среда, 23 июля, 2025
Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлері ерекше балаларға арнап концерт қойды

Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Қазақстан полициясына 30 жыл» толуына және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай ерекше балаларға арнайы мерекелік шара өтті. Полиция полковнигі Ерлан Шамшаттың бастауымен және Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бірігіп, 40-тан астам мүмкіндігі шектеулі балалар емделетін оңалту орталығына барды. Тәртіп сақшылары жасөспірімдер үшін мерекелік концерт әзірлеп, патриоттық және эстрадалық әндер шырқады. Көңілдері көтерілген балалар полицейлермен бірге би билеп, оларға қошемет көрсетті.


Шара соңында полиция қызметкерлері жасөспірімдерге арнап әкелген түрлі ойыншықтарды таратып, оларға мықты денсаулық пен амандық тіледі. Шарада сөз алған Түркістан қаласы ПБ-ның бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әшімхан Мырзаханов: «Біз, үлкендер үшін ең үлкен сыйлық – балалардың бақытты көздері мен қуанышты күлкілері. Мен сіздердің сауығып кетулеріңізді және барлық армандарыңыздың орындалуын тілеймін. Бұндай шаралар полиция қызметкерлері тарапынан алдағы уақытта да жалғасын табатын болады» — деп атап өтті.

Ұқсас ақпараттар

Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел кеңес өтті

smarttop

ҚҰРСАЙЛЫҚТАР БИЫЛ САПАЛЫ СУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

smarttop

Послания Президента страны прошла в коллективе кондитерской фабрики «Рахат-Шымкент»

smarttop

Пікір қалдыру