9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлері «әлеуметтік желілерде» жоғалған деп таралып жатқан баланы ата-анасымен табыстырды

Ордабасы аудандық полиция бөліміне таңғы сағат 07:00 шамасында жергілікті тұрғын келіп, 1 сағаттан бері денсаулығында кінәраты бар 2007 жылғы ұлын таппай жүргенін және ұлының велосипеді полиция ғимаратының жанында тұрғанын жеткізді. Яғни тұрғын, мүмкін ұлым ішке кірген болар деп сұрайды. Сондай-ақ ұлын табуға полицейлердің көмек беруін өтінеді. Анықталғандай, тұрғынның баласы осыған дейін бірнеше рет үйінен шығып кетіп, әкесі өзі тауып алып жүрген. Алайда бұл жолы жасөспірім ұшты-күйлі жоқ болады. Ақпарат алысымен кезекші бөлім қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларына бағытнама берді. Ал ордабасылық полицейлер бірден жасөпірімнің жүрген жерін анықтау мақсатында іздестіру жұмыстарына кірісті. Көрген-білгендерден сұрастырып, әрбір көшені аралап шықты. Барлық қажетті шараларды ұйымдастырды. Арадан 2 сағаттай уақыт өткенде полиция бөліміне қой бағып жүрген жергілікті тұрғынның бірі хабарласып, сөйлемейтін жасөспірімнің жалғыз жүргенін хабарлаған. Оған қоса өзінің телефонына түсіріп, әлеуметтік желі арқылы топтарға таратып жіберген. Яғни бұл таңертеңгісін ұлын таппай жүрген тұрғынның баласы болып шықты. Жасөспірім 10 шақырым қашықтықтағы Қажымұқан ауылының күн шығыс беткейіндегі жайылымдық алқаптан табылды. Бүгінгі таңда бала ата-анасымен бірге. Өз кезегінде тұрғын ұлын тауып беруге қызмет еткен полицейлерге шынайы ризашылығын жеткізіп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Тәртіп сақшылары ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда тез арада 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыздар.

Ұқсас ақпараттар

«СУДЫ ҮНЕМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ҮЙРЕНУІМІЗ КЕРЕК»

smarttop

АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ЕСКЕРТУ ЖАСАУДАН БАСТАЛДЫ

smarttop

№1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАДА 24-ШІ БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру