1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ШЫМКЕНТТЕ 2 МЫҢНАН АСТАМ ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдау туралы да мәлімдеді. Қала әкімінің айтуы бойынша, бағдарламадағы кәсіпкерлерге қолдау білдіретіні және оларды қаржыландырылатыны жайлы жеткізді.

Әкімнің айтуынша, қаладағы кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына 13,3 млрд.теңге қарастырылған. Бүгінде 4,1 млрд. теңгеге 1 830 жобаға қолдау көрсетілген. «Бизнестің жол картасы -2025» атты мемлекеттік бағдарламада айтылғандай кәсіпкерлік жобаларды ұсыну арқылы  оларға қаржыландырулар жайлы көрсетілген.

Ал, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 74 жобаға 1,1 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді. Жергілікті «Іскер қала» бағдарламасы шеңберінде 944 млн.теңге бағытталып, бүгінде 183,4 млн.теңгеге 19 жоба қаржыландырылды. Кәсіпкерлердің жағдайын жақсарту  барысында оларға қолдау көрсету негізінде «Shymkent–Atameken» микроқаржы ұсынылды.

Сонымен бірге, кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қолжеткізуі үшін «Shymkent–Atameken» микроқаржы ұйымы арқылы кәсіпкерлерге 25 млн.теңгеге дейін 6 пайыздық несие беріледі. Жыл басынан бері 86 жоба қолдау тапқан. Бизнес жасау үшін және кәсіпкерлердің бизнес-жоспарын пайдалануға құжаттардың дұрыстығын тексеріске түсетін айтып түсіндірілді.

Жобаны пайдалануға байланысты  түсетін қаражат қорын «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest»-пен  келісе отырып, «Іскер қала» бағдарламасы арқылы қаржыландырылады.

«Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығында 24 мыңнан астам кәсіпкерге бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейінгі құжаттарға байланысты қолдау көрсетілуде.Жобаны пайдалануға байланысты  түсетін қаражат қорын «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest»-пен  келісе отырып, «Іскер қала» бағдарламасы арқылы қаржыландырылады.

Ұқсас ақпараттар

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП, КӨШЕЛЕР ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАНДА МӘСЛИХАТ ХАТШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ ӨТТІ

smarttop

Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаевтың 2022 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары бойынша есеп беру кездесуі

smarttop

Пікір қалдыру