Бүгін Д.Қонаев даңғылының жалғасы көлік қозғалысы үшін ашылды. Бүгінде аталған нысанда құрылыстың ІІІ кезеңі жүріп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Қонаев даңғылының құрылысын бақылап, жұмыс барысын тексерді.
Д.Қонаев даңғылы қаладағы көлік ағыны жоғары магистралды жолдың бірі.
Қазіргі сәтте құрылысы аяқталмаған даңғылдың Терешкова көшесінен Бекет көшесіне дейін аралығы көлік ағынын оңтайландыру үшін іске қосылып отыр.
Құрылыс жобасы бойынша Қонаев даңғылының ІІІ кезеңінде ұзындығы 561,2 метр, ені 42 метрді құрайтын жол салынады. Жобаның үшінші кезеңі 2020 жылы басталып, жұмыс шеңберінде теміржол мен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Сондай-ақ, жол жиегіндегі инженерлік жүйелерді ауыстырылады.
Бүгін Д.Қонаев даңғылы көлік қозғалысына ашылды. Қала тынысы үшін маңызды болып табылатын нысанның құрылысы мерзімінен 1 жылға қысқарып, пайдалануға беріліп отыр.
Аптаның әр сенбісін құрылыс нысандарын қадағалауға арнаған Мұрат Әйтенов, Рысқұлов-Қонаев жолайрық құрылысының біткен жұмыстарын тағы бір пысықтап өтті.
Көлік кептелісі – қала тіршілігінің ырғағы мен экономикасына тікелей әсерін атап өткен қала басшысы Д.Қонаев даңғылы құрылыс мерзімін барынша қысқартудың маңыздылығына да тоқталды.
«Ірі жолайрық салу – үлкен қалаларға тән құбылыс. Бұл нысан құрылысы барысында көптеген қиындықтар болды. Инженерлік жүйелері, яғни, су, газ, электр жарығы, байланыс желілері ауыстырылды. Құрылыс маңындағы көшелерде көлік өткізгіштігі шектен асып, кептелістер орын алып жатты. Бұл әрине тұрғындарға қолайсыздық туғызды. Мерзімінен ерте аяқтау себебіміз де осы. Жалпы қаладағы көлік кептелісін азайту мақсатында кезең-кезеңімен осы сынды 5 жолайрық салынатын болады»,-деді М. Әйтенов.
Құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында тұрақты түрде техникалық қадағалау эксперттері бекітілген. Ұлттық сапа орталығымен орындалған жұмыстар мен материалдарға сараптама жүргізіліп отырады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.