22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЕЛОРДА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА КӨП БАЛАЛЫ 40 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Елорда күні мерекесінің қарсаңында Шымкент қаласында көп балалы 40 отбасы жаңа пәтердің кілтін алып, қоныс тойын тойлап жатыр. Алтын құрсақты аналарға жаңа қоныстарының кілтін Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов салтанатты жағдайда табыс етті.

-Бүгін көпшілікпен бірге мерекелік көңіл күйде өздеріңізге 40 отбасыға коммуналдық үйдің кілтін тапсырғалы тұрмыз. Сіздерді көптен күткен жаңа баспанаға ие болуларыңызбен құттықтаймын! Отбасыларыңызға береке, молшылық пен табыс тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын.Халқымызда «Үйі жоқтың күйі жоқ» деген сөз бар ғой. Баспана — отбасындағы берекенің бастауы. Сондықтан баршаңызға қоныс құтты болсын! Осы үйлердің іші қуаныш пен шаттыққа толы болсын, — деді Б.Нарымбетов.
«Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Тұрғын үй алу кезегінде 30 мыңнан астам жамбылдықтар  тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте көп балалы және аз қамтылған отбасылар, қажеттіліктері шектеулі адамдар пәтер алады. Тұрғын үй мәселесін шешу үшін біз жергілікті кәсіпорындардың мүмкіндіктерін де пайдаланамыз. Сондықтан, мүмкіндігінше көп тұрғын үй салуға ниеттіміз. «Асарлатып үй салу» жобасы өз жемісін беруде.Тұран шағын ауданында қазір көпқабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 200 пәтер дайын тұр. Мереке қарсаңында соның ішінде 40 пәтер көп балалы отбасыларға тапсырылды. Қалғандары арнайы комиссияның шешімі бойынша кезекте тұрған отбасыларға үлестіріледі. Мұның барлығы сатып алу құқығынсыз берілетін арендалық пәтерлер екенін айта кеткен жөн.
Жалпы, биыл Шымкент қаласында әлеуметтік әлсіз топтар мен жұмыс істейтін жастарға 1 605 арендалық пәтер беру жоспарланған. Соның ішінде 476-сы көп балалы отбасыларға, 54-і жетім балаларға, 857-сі жұмыс істейтін жастарға табыс етіледі.

Ұқсас ақпараттар

ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗІР ДҮНИЕЖҮЗІНДЕ САЯСИ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛЫП ЖАТҚАНЫНА, СОНЫҢ САЛДАРЫНАН МЫЗҒЫМАСТАЙ КӨРІНГЕН ЖАҺАНДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ СЫР БЕРЕ БАСТАҒАНЫНА НАЗАР АУДАРДЫ

smarttop

ЖОЛДАУДЫҢ ІСКЕ АСУЫ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

smarttop

ХАБАРЛАНДЫРУ!

smarttop

Пікір қалдыру