Smarttop.kz

Аңшы мылтығын заңсыз сақтаған тұрғын анықталды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері «Қару» профилактикалық шарасын жүргізуде. Оның мақсаты — заңсыз айналымдағы атыс қаруларын анықтау, тіркеуде тұрған қарулармен жасалатын қылмыстардың алдын алу, отты атыс қаруын тәркілеуге және оны сақтау ережелерін тексеруге бағытталған.

Осы тұрғыда Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз аңшы мылтығын сақтаған тұрғынды анықтады. Тексеру кезінде ол тұрғынның әкесінен қалған қару екендігі белгілі болды. Полицейлер қарияға қаруды заңсыз сақтағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлігі «Жеке және заңсыз тұлғалардың қаруды заңсыз иемденіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы» бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау мен тасымалдау үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары заңсыз сақталған қаруды немесе оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатындығын еске салады.

Ұқсас ақпараттар

ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯЛАР ЖӘНЕ ТҰМАУ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

smarttop

КӘСІБІН КЕҢЕЙТКІСІ КЕЛЕТІН КӘСІПОРЫНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

smarttop

Полицейлермен «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасының бір тәулігінде 600-ден астам объект тексеріліп, 200-ге тарта хаттама толтырылды

smarttop

Пікір қалдыру