3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер 8 бас жылқыны талан-таражға салған жылқышыны қамауға алды

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ол танысына 8 бас жылқысын сеніп тапсырған. Алайда бақташы ірі қараларды талан-таражға салған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 2 500 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесінде күдікті жас жігіт анықталды. Сезікті ер адам жәбірленушінің жылқышысы болып жұмыс жасаған. Ол сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға малдарын бейтаныс адамдарға бақтырмауды ұсынады. Сондай-ақ мүмкіндігінше үй малын таңбалап, ен салдыру керек, ал қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтыңыздар. Азаматтарға өз мүлкін сақтауда қырағы болуға, тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауға кеңес береді.

Ұқсас ақпараттар

ФОСФОРШЫЛАР САРАЙЫ: ТАРИХИ НАҚЫШТА ЖАҢА ҒИМАРАТ САЛЫНАДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДА БОЛДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ХАЛЫҚПЕН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

smarttop

Пікір қалдыру