9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: « ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖАЛАҚЫ МӨЛШЕРІ 91 890 ТЕҢГЕГЕ КӨТЕРІЛДІ

Бүгінгі брифинг барысында халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Шағдат Әсетұлы Шымқаламыздың жастарын «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмысқа жолдама алуға шақырды.

«Өздеріңізге белгілі, «Жастар практикасы» елімізде біраз жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан ауқымды бағдарлама. Еліміз бойынша, оның ішінде Шымкентте аталған бағдарламаға қатысып, мамандығы бойынша жұмысқа жолданып, тұрақты жұмысқа орналасып жатқан жастар өте көп.
Мысалы, 2021 жылы Шымкентте 2500-ден астам жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа жолданған болса, олардың 1300-дейі барған жерлерінде тұрақты жұмысқа орналасқан»-деді спикер. Жастар практикасының құрамында қоғамдық жұмысқа тарту бағыты бар. Бұған мектеп пен колледжді енді бітірген түлектер қатыса алады. Ол үшін кәсіптік білім алу, курс оқудың қажеті жоқ. Қоғамдық жұмысқа тарту 12 мерзімге уақытша жұмыспен қамтуды көздейді. Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтарға екі төменгі жалақы мөлшерінде, яғни 85 мың теңге көлемінде жалақы төленеді.Спикердің сөзінше, ағымдағы жылы аталған бағдарламамен 2098 жасты қамту жоспарланып отыр. Жыл басынан 1000-нан астам жас жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз жас ретінде тіркеліп, тиісті жұмыс орындарына жолдама алған. Қазіргі таңда олар өздерінің мамандықтары бойынша жұмыс істеуде. Мемлекеттік қызметтен бастап жекеменшік компаниялар мен зауыттарға дейін – бәрі бар. Бағыты мен мамандыққа байланысты. Жастар практикасына келген азаматтың өзі де қай мекемеде тағлымдамадан өткісі келетінін айтып, өтініш білдірсе болады. Жастар практикасымен жұмысқа қабылдағысы келетін кәсіпорындар көп.Айта кету керек, «Жастар практикасы» — уақытша жұмыс орны есептеледі және оған 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады.
Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы көтеріліп 91 890 тг.құрап отыр (30 АЕК). Бағдарламаға қатысу мерзімі 12 айға дейін ұзартылған (бұрын 6 ай болатын).

 

 

Ұқсас ақпараттар

Шымкент: Жас офицерлер жиыны аяқталды

smarttop

ТҮРКІСТАН: ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТКЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 11 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТ КЕЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру