Шымкент қаласы бас жоспарының жобасын талқылау жұмыстары қызу түрде жүріп жатыр. Бүгін оған қатысты өздерінің ой-пікірін білдіруге Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы Шымкент қалалық филиалының белсенді мүшелері келді. Арасында белгілі сәулетшілер және қаланың дамуына үлес қосқан азаматтар бар.
–Шымкент қаласының дамуы бәріміз үшін үлкен маңызға ие. Ал, бас жоспар дұрыс жасалса, онда қалада экономика да, өнеркәсіп те, ауыл шаруашылығы да орнықты дамиды. Ауылшаруашылығы халық үшін маңызы бар қожалық, халықтың тамағыда суыда ол шаруашылықтан шығып жатыр. Осы жағдайда ауыл жағдайын жақсарту қолға алынса өнімдердіңде сапасыда жоғары деңгейде болар еді.Ауыл басшыларының көзіне түсетін мәселе де осы. Құнарлық жағынан өздерінің ойларымызды айтып отқан жайымыз бар.Ең бастысы, бұл құжат халықтың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне ықпалын тигізеді. Сондықтан, жергілікті биліктің бас жоспардың жобасын қоғамның ашық талқылауына шығаруы орынды шешім дер едім. Біз «Ауыл» партиясының атынан осы мәселеге қатысты ой-пікірлеріміз бен ұсыныстарымызды жеткізу үшін жиналып отырмыз, – деді «Ауыл» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Қанатбек Досалиев.
Айта кетейік, Шымкенттің бұған дейінгі бас жоспары 2012 жылы бекітілген. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бас жоспар 2035 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жобаны әзірлеу үшін мамандар қаладағы 117 мың гектар аумаққа түгел топотүсірілім жасап, 1:10 000 масштабпен картаға енгізіпті. Бұл жұмыстардың тағы бір ерекшілігі – барлық сызба заманауи талаптарға сай келетін векторлы форматта жасалған. Осылайша алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылып, Шымкент заманауи мегаполис талабына сай келетін қала атанады деп жоспарланып отыр.
«Шымкент келбеті»