20.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

САЛАЛАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен салалардағы индикаторлардың орындалуы мен өзекті мәселелер бойынша жиын өтті. Жиналыста 6 айда атқарылған жұмыстар мен кемшіліктер сараланды.

Экономикалық дамудың кешенді стратегиялық бағытын таңдауға мәжбүр болған көптеген мемлекеттердің жоспарлы әрекеттері – әсіресе табиғат ресурстарының байлықтарының ысырапсыз игеру үрдістерін қалыптастырады. Соңғы жылдары шаруашылық-өндірістік нысандарында экологиялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерге қарамастан, антропогендік- техногендік ықпалдар – глобальді масштабты қамтып, Жер планетасының табиғи балансының ауытқуына қауіп төндіруде.

Кемшіліктерге талдау жасалып, тиісті салаларға ескертулер жасалды.

Бекітілген жұмыс жоспарын сапалы жүзеге асыру мақсатында қала әкімі нақты тапсырмалар берді:

  • апта сайын азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жасап, баяндау;
  • бала мен ана өліміне жол бермеу мақсатында кешенді жұмыс жоспарын бекіту;
  • электр қуатын үнемдеу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу;
  • егілетін ағаш орындары мен суағар мәселесін тыянақты дайындау;
  • білім сапасын көтеру бағытында мектептерді жіті бақылауға алу;
  • мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асатын жобаларды қатаң бақылау.
  • Көлік саласына қатысты көліктік бақылау тіректерінің жұмысын ұйымдастыру мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ, еңбек өнімділігін арттыруға және өңірлік кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды.
  • Сондай-ақ, еңбек өнімділігін арттыруға және өңірлік кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды.

Жұмыстардың орындалу барысы хаттамамен бекітіліп, нәтижесі әр апта баяндалуы тапсырылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас ақпараттар

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАМАСАҢЫЗ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ

smarttop

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ МЕН ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІК АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ

smarttop

«ОҢТҮСТІК» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру