3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 17 КӨШЕ ЖӨНДЕЛІП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкентте Қаратау ауданы аумағында жоспарланған 48 көшенің бүгінде 17-інде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
Атап айтқанда, Қызылсу тұрғын алабы аумағындағы Гүлистанның 8 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Аталмыш көшелердің жалпы ұзындығы 6,7 шақырымды құрайды. Көшедегі жөндеу жұмыстары  халық қимылын тоқтатпас үшін арнайы ескертпе жұмыстары жасалынды. Аялдамалармен автобус қимылдарын қыстқартылғаны жайында да айтылды. Қаладағы әр көшенің түзу сапа жағдайынанда жөндеу жұмыстарында қадағалып отырды. Сонымен қатар, орташа жөндеуден өткен Жаңақұрылыс № 2,3 көшелерінің ұзындығы — 1,3 шақырым. Сонымен бірге, Сайрам тұрғын алабындағы Сыдыхан ата, Мүслім төбе, Тектұрмас, Тиллаходжаев көшелерінде асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары аяқталды. Асар-2 шағын ауданындағы №1,2 көшелері орташа жөндеуден өтіп, бүгінде ел игілігіне пайдалануға берілді.Көше аттарында қазақшалау жүйесі жүріп жатыр. Орысша аталған көше аттарын қазақша атауларға ауыстыруға бейімделіп отыр.
Өтеміс шағын ауданы аумағындағы Д.Қонаев және Өжен көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Достық тұрғын алабындағы Ынтымақ көшесі, Омарташы көшесінің жалғасы, тұйығы және Абдиров көшелерінің жолдары жөнделді. Ұзындығы 1,4 шақырымды құрайтын Ақжайық шағын ауданының аумағындағы Қамбар батыр көшесінің орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
Қайнар бұлақ тұрғын алабының Русские березки көшесінің жол құрылыс жұмыстары аяқталды, ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2022 жылы жоспарланған 308 көшенің бүгінгі таңда 155 шақырым болатын 190 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталды. Ал, қалған көшелерді 2022 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

 

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ШАҒЫН НЕСИЕ АЛУҒА 300-ДЕН АСТАМ ЖАС ӨТІНІШ БІЛДІРДІ

smarttop

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

«ОТБАСЫ – ШАҒЫН ОТАНЫМ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру