Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен салалардағы индикаторлардың орындалуы мен өзекті мәселелер бойынша жиын өтті. Жиналыста 6 айда атқарылған жұмыстар мен кемшіліктер сараланды.
Экономикалық дамудың кешенді стратегиялық бағытын таңдауға мәжбүр болған көптеген мемлекеттердің жоспарлы әрекеттері – әсіресе табиғат ресурстарының байлықтарының ысырапсыз игеру үрдістерін қалыптастырады. Соңғы жылдары шаруашылық-өндірістік нысандарында экологиялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерге қарамастан, антропогендік- техногендік ықпалдар – глобальді масштабты қамтып, Жер планетасының табиғи балансының ауытқуына қауіп төндіруде.
Кемшіліктерге талдау жасалып, тиісті салаларға ескертулер жасалды.
Бекітілген жұмыс жоспарын сапалы жүзеге асыру мақсатында қала әкімі нақты тапсырмалар берді:
- апта сайын азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жасап, баяндау;
- бала мен ана өліміне жол бермеу мақсатында кешенді жұмыс жоспарын бекіту;
- электр қуатын үнемдеу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу;
- егілетін ағаш орындары мен суағар мәселесін тыянақты дайындау;
- білім сапасын көтеру бағытында мектептерді жіті бақылауға алу;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асатын жобаларды қатаң бақылау.
- Көлік саласына қатысты көліктік бақылау тіректерінің жұмысын ұйымдастыру мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ, еңбек өнімділігін арттыруға және өңірлік кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды.
- Сондай-ақ, еңбек өнімділігін арттыруға және өңірлік кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды.
Жұмыстардың орындалу барысы хаттамамен бекітіліп, нәтижесі әр апта баяндалуы тапсырылды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі