4.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

Мал ұрламақ болған үшеу ұсталды

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне әйел адам арызданды. Оның айтуынша, ірі қара малдарын белгісіз біреулер ұрламақ болған. Алайда, өзін көріп қалғанын байқаған ұры оқиға орнынан қашып кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары қылмыс жасауға оқталғандарды ұстау үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар көрген-білгендерден жауап алып, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде аталмыш қылмысқа қатысы бар 3 күдіктіні анықтады.

Белгілі болғандай, күдікті үш жас жігіт таңғы уақытта тұрғынның ауласынан 2 бас сиырын айдап кетпек болған. Алайда оны тұрғынның бірі көріп қалып, ұрыларды тоқтатуға оқталады. Осы кезде күдіктілер бой тасалап қашып үлгереді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктілердің бұдан басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Жас жігіттерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға мал ұрлығының алдын алу үшін, сақтық шараларын жасауға кеңес береді. Оларды жайылымға қараусыз жібермей, бақташыға бақтыруды ұсынады. Егер де, сіз, ұрлық қылмысына куә болсаңыз, полицияға хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

smarttop

Полицейлер жанармай құю бекетінде тұрған кранның құрылғысын ұрлаған күдіктіні анықтады

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ: ТИІСТІ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАН НЫСАНДАРҒА 170 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру