13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШАХМАТ ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бастамасымен Қазақстан шахмат федерациясы, Шымкент қаласы мәслихатының ұйымдастыруымен әуесқойлар арасында шахмат турнирі бастау алған болатын. Іріктеу турниріне қатысуға Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдерінен 120 дан аса өтінім келіп түскен. Шахматшыларды іріктеу барысында 7 мүшеден құрылған төрешілер алқасы ойыншыларды қадағалады.
Интеллектуалды ойынның қорытындысы бойынша қатысушылар командалық және жекелей 1, 2, 3 – орындармен марапатталды. Сонымен төрешілер шешіміне сәйкес жеке құрамда сайысқа түскен Әл-Фараби ауданынан Сейтжан Джаханов 1-ші орынды иеленсе, 2-ші орын Абай ауданынан сынға түскен Нұрсұлтан Жұмадуллаевқа бұйырды. 3-ші орынға Әл-Фараби ауданынан қатысқан Сұлтан Садықов жайғасты. Ал командалық есепте 1-ші орын Әл-Фараби ауданы, 2-орын Абай ауданы, 3-ші орын Қаратау ауданына бұйырды. Барлық шахмат ойынына қатысқан жеңімпаздарға арнайы диплом, медаль табыс етілді.Ойын ойнауды қабылдауға дайын болған кезде, турнирде ойнауды қарастырғыңыз келуі мүмкін. Шаңғы тебуден бұрын шахмат турниріне көптеген ережелер мен ережелерді басшылыққа алады. Ресми ереже кітаптары шахмат турнирінде кез-келген ықтимал даулар немесе жағдайға қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарды сипаттайтын жүздеген беттерден тұрады.

Ойыншылардың барлығы ереже кітапшасын есте сақтауы күтілмейді. Кейбір маңызды ережелерді түсіну кез-келген турнирде сенімді ойнау үшін жеткілікті.

Ынталандыру марапаттары бойынша депутаттар, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері және әйелдер арасында үздік көрсеткіш иелері мен зейнеткерлер арасында үздік деп танылған қатысушылар арнайы грамотамен марапатталды.Сондай-ақ қатысушыларға сертификат берілді.
Іріктеуден өткен 25 үздік шахматшыға 18 маусым күні қала күніне орай Шымкент қаласында өтетін өңірлік жартылай финалға жолдама берілді. Жартылай финалдан өткен жеңімпаздар алдағы уақытта Астана қаласында өтетін финалдық ойындарда бақтарын сынайды.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 9 ЖАРЫМ МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕГІ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАҢА АШЫЛУЫЛАРЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ САПАЛЫ ШЫНЫ МОЗАЙКАЛАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру