Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлері тұрғын үйге заңсыз кіріп, ақша ұрлаған күдіктіні ұстады

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғынның бірі арызданып, белгісіз біреулер түнгі уақытта үйіне терезе арқылы кіріп, жатын бөлмеде тұрған 300 мың теңге ақшасын жымқырып кеткенін көрсеткен. Аталған жайтты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті.
Нәтижесінде сарыағаштық тәртіп сақшылары тәулік ішінде күдікті деп танылған ер азаматты анықтады.

Тергеу барысында күдікті азаматтың жергілікті тұрғын екендігі белгілі болды. Сондай-ақ полицейлер күдікті азаматтың ұрлықты жоспарлы түрде жасағанын және ұрлаған ақшаны өз кажетіне жұмсап жібергенін білді. Бүгінде ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері тауарлық-материалдық құндылықтар сақталатын үй-жайларға бейнебақылау камерасын және терезелерге металл тор орнатуға кеңес береді. Егер де, сіз, осы секілді ұрлық жайтының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарлаңыз!!!

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «АДАЛДЫҚ – АДАМДЫҚ БЕЛГІСІ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

smarttop

Дәріханаға баратынын айтып, із-түссіз жоғалған жас қыз табылды

smarttop

ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ – ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА ОҢ ЫҚПАЛЫН ТИГІЗЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру