🔷 Шымкент қаласының мәдени ошағы — Көрме орталығының халыққа қызмет көрсетіп келе жатқанына биыл 10 жыл. Бүгінде орталықта өтіп жатқан іс-шаралар заманауи форматта айшықталуда.
🔷 10 жыл ішінде өткен 378 көрменің 50-ден астамы халықаралық деңгейдегі іс шаралар. Африка елдерінің, “HALAL EXPO “ , “Poneton” , «Worldskills», Иран Ислам республикасының, Өзбекстан республикасының, “AgriTekShymkent” халықаралық көрмелері жергілікті бизнес өкілдерінің әріптестік байланысына жол ашты.
🔷 Елдің ерекше қызығушылығын туғызған “KAZDENTEXPO-ЮГ” халықаралық стоматологиялық көрмесі де жыл сайын өтеді. Көрмеде тұрғындар денсаулықты жақсартуда пайдалы кеңестер алып, кәсіпкерлер озық технологияларға негізделген әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға мүмкіндік алады. 10 жылдық мерейтой қарсаңында қала әкімдігінің қолдауымен Тәжікстан елінің құрылыс көрмесі және Түркия елінің брендтік киімдер көрмесі ұйымдастырылып, тауарлар халыққа тиімді бағада ұсынылады.Көрме залы аты айтып тұрғандай көрме өткізуге арналған. Біздің сөмкелер көрмесін көрме залында өткізудің де өз сыры бар. Қалалықтардың көпшілігі көрме залының қайда екенін, бұл жерде түрлі көрмелер өткізілетінін біле бермейді. Сондықтан, біз келушілер тек сөмкелерді ғана емес, сонымен қатар Көрме залын да көрсін, білсін деген ниетпен осы жерді таңдадық. Бұл бірінші көрме, алдағы уақытта тоқсан сайын бір көрме жасап тұру ойымыз бар. Ең алғашқы көрменің тақырыбы да өзімізге жақын сөмкелер тақырыбы болды.Біз осыған дейін сатумен байланысты түрлі жәрмеңкелерге, басқа да шараларға қатысып жүрміз. Ол жерде біз сұранысқа сай өнім дайындап, клиентке бағытталуымыз қажет. Клиентке бағытталған соң еріксіз нарық пен трендтің жетегінде кетуге тура келеді. Ал көрме өткізу арқылы біз шығармашылыққа бет бұрғымыз келді, әр шебердің ішіндегі мүмкіндігін ашып, қабілетін көрсеткіміз келді. «Сөз түзелді. Тыңдаушы, сен де түзел» деп Абай атамыз айтқандай, біз де өз көрерменіміз бен шығармашылығымызды бағалайтын адамдардың талғамына әсер етейік деген ой болды. Шеберлердің қаншалықты ашылғанына, қаншалықты өз әлемін жеткізе алғанына келушілер өз бағасын берер деп сенемін.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі