29.3 C
Шымкент
Суббота, 7 июня, 2025
Smarttop.kz

ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Шымкент қаласы полиция департаментінің ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, жастар және жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қалалық деңгейде рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Жасөспірімдердің қылмысқа баруының негізгі себебі – олардың нақты бір мақсат-мүддесінің жоқтығы. Бұл тұрғыда ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтіндігін де айта кету керек.Ата-ана назарына ескертпе жұмыстарын жүргізу ол ең алдымен бала өмірін сақтап қалу. Сонымен қатар білім мен тәрбиені қатар ұстауға тиіс ұстаздар да негізгі басымдықты білімге беріп, тәрбие жағы ақсап жатады,-дейді ювеналды полиция өкілдері. Соңғы кезде әлеуметтік желі арқылы балаларды суицидке итермелейтін түрлі ойындардың көбеюі де сақтықтықты талап етеді.

Іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 442-бап, 2-бөліміне сәйкес (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген болуы) түсініктеме жұмыстары жүргізілді.

Рейдтік шара аясында полицейлер жасөспірімдер жиналатын орындар, ойын-сауық мекемелері, көңіл көтеретін аумақтарды аралады. Аудан аумағында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықпен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі ойын-сауық орталықтарында әкімшілік хаттама толтырып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Әрбір ата-ананың назарына кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз!

Ұқсас ақпараттар

ХАЛЫҚ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

smarttop

ЖАСТАР КӘСІБИ ПСИХОЛОГТАРМЕН АШЫҚ СҰХБАТ ЖҮРГІЗДІ

smarttop

Сарыағаштық тәртіп сақшыларына мектеп оқушылары мен аудан әкімдігі алғыс айтты

smarttop

Пікір қалдыру