Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Шымкент қаласы полиция департаментінің ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, жастар және жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қалалық деңгейде рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Жасөспірімдердің қылмысқа баруының негізгі себебі – олардың нақты бір мақсат-мүддесінің жоқтығы. Бұл тұрғыда ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтіндігін де айта кету керек.Ата-ана назарына ескертпе жұмыстарын жүргізу ол ең алдымен бала өмірін сақтап қалу. Сонымен қатар білім мен тәрбиені қатар ұстауға тиіс ұстаздар да негізгі басымдықты білімге беріп, тәрбие жағы ақсап жатады,-дейді ювеналды полиция өкілдері. Соңғы кезде әлеуметтік желі арқылы балаларды суицидке итермелейтін түрлі ойындардың көбеюі де сақтықтықты талап етеді.
Іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 442-бап, 2-бөліміне сәйкес (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген болуы) түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
Рейдтік шара аясында полицейлер жасөспірімдер жиналатын орындар, ойын-сауық мекемелері, көңіл көтеретін аумақтарды аралады. Аудан аумағында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықпен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі ойын-сауық орталықтарында әкімшілік хаттама толтырып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Әрбір ата-ананың назарына кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз!