9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Шымкент әкімі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру мақсатында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан бірнеше білім ұяларын аралады.

Соның бірі — №46 жалпы білім беру мектебіне 1,5 га аумаққа қосымша корпус салынуда. Жоба бойынша нысанда 300 оқушы орны, спортзал, 110 орындық асхана және 10 мың кітап қорына арналған кітапханасы 8 орындық оқу залымен қарастырылған. Жаңа ғимарат құрылысы аяқталумен 38 адамға тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады. Өткен жылы құрылысы басталған мектептің корпусы жаңа оқу жылына дейін пайдалануға берілмек.

Қала әкімі құрылыс барысындағы кемшіліктер бойынша жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар беріп, Бозарық-3 шағын ауданында салынып жатқан жаңа спорт мектебінің  құрылысын қадағалады.

Шымкент қаласы Бозарық-3 шағын ауданындағы Шымкент қаласының ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің жанынан қосымша тағы спорт мектебі салынуда. Қала әкімі М.Әйтенов бүгін аталмыш ғимараттың құрылыс алаңында болды.

Аумағы — 0,3200 га. Жобаға сәйкес — нысанда бір ауысымда 10-нан 23 жас аралығындағы 100 оқушы жаттыға алады. Бірінші қабатта — ауыр атлетика залы (олимпиадалық штанга 190кг. 180 кг., тренажерлер), киім ауыстыру бөлмелері, жуынатын бөлмелер (ерлер — 64 орын, әйелдер — 36 орын), тренерлер бөлмесі, 16 орынға арналған асхана, медпункт, жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері болады. Ал, екінші қабатта — әмбебап спортзал (күрес, греко-рим күресі кілемдері, дзюдо татамиі, бокс рингі), жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері, жуыну және киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған.

Тағы айтар болсақ №38 мектептің құрылыс жұмыстары да жүргізілуде. Бұл – 18 шағын ауданда орналасқан № 38 орта мектеп. Мұнда 1,9 га жерге қосымша ғимарат салынуда. Жобаға сәйкес нысанда 375 оқушы орны, спортзал, 76 орындық асхана қарастырылған. Жаңа ғимарат құрылысы аяқталса 27 адамға тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады. Мектептің құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталады деп күтілуде.

Жалпы құрылыс жұмыстары 2023 жылы ақталады.

 

Ұқсас ақпараттар

16 млрд залал келтірсе де бостандықта.

smarttop

Полицейлер Өзбекстан азаматын «Сора» өсімдігінің ұрығын шекарадан алып өтпек болған ер адамды ұстады

smarttop

АЛҒАШ РЕТ БҮЙРЕКТЕГІ ЭХИНОКОКК КИСТАСЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру