Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Еңбекші ауданы әкімінің аппараты қызметкерлерi, қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың өкiлдерi «Жас дәурен» тұрғын алабында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Мемлекеттік этносаясаттың басымдықтары сөз болған жиында тұрғын алапта қалыптасқан бүгінгі ахуалдар сөз етіліп, сарапқа салынды.
Кездесуде қоғам тұрақтылығын сақтау мен жас буынның тәлiм-тәрбиесiне назар аудару, жастардың әскери борышты өтеуі сынды маңызды мәселелер ортағы салынып, біршама ұсыныстар да айтылды.
Кездесу соңында, тұрғындар ел бірлігін арттыру жөніндегі бастамаларға белсене қатысуға дайын екендіктерін жеткізіп, халық пен билік арасындағы өзара әрекеттестікті қолдайтындықтарын жеткізді.
Абай ауданының әкімі Парманов Бұхарбай Рысқұлұлы аудан жастарымен еркін форматта кездесті. Кездесу барысында Абай ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды. Жастардың көкейлеріндегі көптеген ұсыныстар мен пікірлері айтылды.
• Бадам өзенінің жанынан салынып жатқан демалыс аймағына «Жастар аллеясын» салу;
• Шалғай орналасқан елд мекендерге көшбасшылық үйірмелерін қалыптастыру;
• Құқық бұзушылықтын алдын алу бойынша түсіндеріме жұмыстары жүргізіп, арнайы рейдтік жұмыстар ұйымдастыру;
• Шалғай елді мекендерде жастарға арналған саябақтар ашу сынды ұсыныстар айтылды.
Аудан әкімі — «Қоғамның қозғаушы күші – жастар болғандықтан, жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Бүгінгі жастар арасындағы негізгі мәселе болып табылатын жұмыспен қамту, отбасы құндылығы сынды бағытта жұмыс жасаудамыз.» – деп қорытындылады.
Осы күні Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті іс-әрекеттің және құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тимбилдинг өтті.
Мақсаты: Жастар мен жасөспірімдер арасында күйзелістік жағдайлардың аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Тимбилдингке «Мейрам» кино студиясындағы жастармен жасөспірімдерінің қатысуымен өтті.