9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

МАУСЫМ АЙЫНДА 17 МЫҢҒА ЖУЫҚ АРЫЗ-ШАҒЫМ ШЕШІМІН ТАПҚАН

Бүгінгі қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте тұрғындармен кері байланыс, арыз-шағымдардың орындалу барысы талқыланды.
«i-Shymkent 109» орталығының басшысы А.Әміртаев өз баяндамасында Шымкент қаласының ситуациялық орталығына маусым айында тұрғындардан 17 197 арыз-шағым келіп түскенін, оның ішінде 16 915-і орындалған, 282 арыз орындалу барысында екенін атап өтті.
Тұрғындар көбіне «Tolem» картасында орын алған ақаулар, жарықтың ескертусіз сөнуі, Нұрсат шағын ауданындағы электр желісінің жиі істен шығуы, Қошқар ата өзені аумағының тазалығы, қоғамдық көліктер жүру кестесі нормаларының сақталмауы, сызбасының (маршрут) өзгеруі секілді мәселелерді көптеп көтерген.Халықтың сұранымдарына, өтінімдеріне жауап беру және олардың орындалуын қамтамасыз етілуі қажет. Әкім тарапынан барлық ұсыныстар қаралымда. Тұрғындардың көбіне «Tolem» автобустық картанын дұрыс жұмыс жасамайтындығын айтып шағымдануда.Автобустардағы аппаратардың дұрыс жұмыс жасамауы бойынша шағымдар түсуде.Тазалық ол қала бейнесі, яғни Қошқар ата өзені өзеннің айналасына орын тепкен тұрғындар қоқыс қалдықтары мен шайынды суларын өзенге төгетін. Бұл мәселе облыс, қала әкімдігінің басты назарына алынып, айналасын абаттандыруға көп күш пен қаржы жұмсалды.Өзен жағдайын дұрыстау осы кезде қадағалау және рейдтік тексерістер жүргізуде.
Жиында жауапты мекемелердің рейтингісі жарияланып, сапасыз жұмыстар үшін қала әкімі тарапынан кейбір басшыларға қатаң ескертулер берілді. Қоғамдық көліктерге қатысты жүйелі тексеру шараларын ұйымдастыруды, сонымен бірге, электр қуаты бойынша Энергетика басқармасына нақты тапсырмалар жүктеді. 6 айлық есептегі кемшіліктер бойынша сала басшыларының тікелей жауаптылығын атап өтті.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

№10 КОЛЛЕДЖІНІҢ ҚОСЫМША ОҚУ КОРПУСЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ТАМЫЗ АЙЫНДА АЯҚТАЛАДЫ

smarttop

АБАЙ АУДАН АУМАҒЫ БОЙЫНША 27 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ 25 ЕЛДІ МЕКЕНІ МЕМЛЕКЕТТІК ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ҚАМТЫЛҒАН

smarttop

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІ БЕЙНАБАҚЫЛАУМЕН ЖӘНЕ КӘСІБИ КҮЗЕТПЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру