13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

МЕКТЕПТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП БІРДЕЙ

«Мектеп – балалардың сапалы әрі қауіпсіз білім алатын ордасы болу керек, бұл талап барлық мектепте орындалуы шарт» — деген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаңадан салынып жатқан мектептердің құрылыс барысын тексерді.

Шымкентте үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал орын тапшылығын 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған. Қаламызда жекеменшік мектептердің үлесі артып келеді. Биылғы жылы қолданысқа берілетін 24 мектептің 20-сы жеке инвестор есебінен. Мектеп білім ордасы болғандықтан оқушылардың жағдайын жасау мақсатта осындай шарттылықты орындалуын талап етілуде.Мектептің жекеменшік болуы үлесі артып келеді. Құрылыс жүріп жатқан мектептердің сапасын Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов  тексеріп өтті. Қала деңгейінде құрылыс жасалынып жатқанын Шымкент қаласының әкімі өзі көз жеткізді.

✔ Нұрсат шағын ауданы, Нұр-Сұлтан даңғылында орналасқан 300 орындық «Жас-Дарын-5» жекеменшік мектебі – өткен жылы құрылысы басталған мектеп биыл пайдалануға беріледі. 3 қабатты, 12 оқу бөлмесі, кітапхана, асхана, мәжіліс залы, спорт зал, мед кабинет қарастырылған.

✔ Қаратау ауданы, Бозарық шағын ауданындағы 240 орындық «Жас-Қанат» жекеменшік мектебі – жоспарға сай 3 қабатты, 12 оқу бөлмесі, кітапхана, асхана, мәжіліс залы, спорт зал, мед кабинет те болады.

✔ Қаратау ауданы, Достық шағын ауданындағы 300 орындық «Жан-Нұр» жекеменшік мектебі — 2 қабатты, 12 оқу бөлмесі, кітапхана, асхана, спорт зал, мед кабинет болмақ.

Сонымен бірге, Асар шағын ауданындағы 500 орындық «Keremet-City», 240 орындық «Нұртас» интеллектуалды жалпы орта мектебі және Ақжайық шағын ауданындағы «PARASAT AJ» мектептері бой көтеруде.

Барлық мектептің жаңа дизайнда, сапалы элементтерден жасалуы шахар басшысының жіті бақылауында.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ӨНЕР МАЙТАЛМАНДАРЫ ДӘСТҮРЛІ ӘН ӨНЕРІНІҢ КЕЛЕШЕГІН ТАЛҚЫЛАДЫ

smarttop

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

smarttop

*Шымкенттіктер автокөлікті сатып алу-сату шартын МХҚКО-да тіркей алады*

smarttop

Пікір қалдыру