39.3 C
Шымкент
Среда, 18 июня, 2025
Smarttop.kz

Полицейлер 2 жыл іздеуде жүрген күдіктіні тауып, қамауға алды

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, тұрғын үйінің ауласына белгісіз біреу кіріп, қорасынан темір кесетін құрылғыны ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Қылмысты ашу үшін полицейлер қажетті шараларды жүзеге асырды. Іздеу жұмыстары еш тоқтамастан бірнеше жылға жалғасты. Яғни бой тасалап жүрген күдіктіні табу жұмыстары бір сәтке үзілмеді. Соның нәтижесінде Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 2 жыл бойы іздеуде жүрген, күдікті ер адамды Қарағанды қаласынан тауып, қамауға алды. Оның бұған дейін де бірнеше рет ұрлық жасап, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотты болғандығы белгілі болды.

Тексеру кезінде полицейлер ер адамның осы уақытқа дейін Қарағандыда жалдамалы жұмысшы болып жұмыс істегендігін анықтады.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға кез келген қылмыстың өтеуі – жаза екендігін ескертеді. Егер де, сіз, ұрлық қылмысының құрбаны немесе куәсі болсаңыз, бірден полицияға хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕК ШАРТЫ – ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ АРАСЫНДА ТҮЗІЛЕТІН ЕҢ НЕГІЗГІ ҚҰЖАТ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ӘСКЕРИ БӨЛІМІНДЕ ҚОРЫТЫНДЫ ТЕКСЕРІС БАСТАЛДЫ

smarttop

БАСҚАРМАДА 100-ДЕН АСА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КӨРСЕТІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру