16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЫЛЖЫМАЛЫ КІТАП КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

10 тамыз – Абай күні. Шымкентте ел руханияты үшін айрықша саналатын мерекені атап өту 9 тамыздан басталды. Абай күні — Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 177 жылдығына орай Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі екі күндік «Кітап керуені» атты жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырды.
–Абай Құнанбайұлы – ұлы тұлға. Ақынның шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып, ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлес қосып келеді. Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, өсиеті де аз емес. Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы.Абай ескерткішінің алдында гүл шоқтары қойылып, мәдениет мекемелері түрлі концерттер мен қойылымдарыда болды.«Ұлылардың ұлысы – Абай» тақырыбында өткен іс-шараға шымкенттіктер белсене қатысты. Оқырмандар Арбат демалыс аймағында көрмеге қойылған ақынның өлең жинақтары, қара сөздері, хикмет кітаптарымен танысты.
Ұйымдастырушылар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қала тұрғындары арасында викториналық ойындар ұйымдастырып, жеңімпаздарды марапаттады. Мерекелік іс-шара   ұйымдастырылған Абай күніне орай Арбат алаңында болды. Кітаптарының және шығармашылықтарымен таныстыру мақсатында  жасалған іс-шара өткізілді. Абай атамыздың әндеріде жарқыннан әуенделіп шырқалды. Алаң қала тұрғындарымен толды.
Айта кетейік, жылжымалы кітап керуені Арбат алаңында бүгін кешкі сағат 20.00-де жалғасатын болады. Бұдан бөлек, Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханасында бүгін «Абай әндерін бірге шырқайық» атты әдеби әуенді кеш өтеді.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІН САЛУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ СТАНДАРТЫ ҚАБЫЛДАНАДЫ

smarttop

ОРТАЛЫҚТА «НАУРЫЗ – МЕРЕКЕМ, НАУРЫЗ – БЕРЕКЕМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

smarttop

ТАРИХИ МЕЖЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ҚАЗАҚ ЕЛІ!

smarttop

Пікір қалдыру