0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

Жөндеу жұмыстарын жасаймын деп 3,5 миллионнан астам ақшаны алдап әкеткен шетедік анықталды

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, шетел азаматы құрылыс жүріп жатқан үйіне 10 дана есік, 2-ші қабатқа көтерілетін баспалдақты жасап беретінін айтып, 3 500 000 теңге ақшасын алған. Жәбірленуші 2 жыл бойы алаяқтың сөзіне сенген, алайда ол не ақшасын қайтармаған, не уәдесін орындамаған. Осы мәселенің түйінін шешу мақсатында жәбірленуші азамат полицейлердің көмегіне жүгінді. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚҚ-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Түркістан ҚПБ-ның полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні ұстады. Күдікті Өзбекстан елінің азаматы болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікті танысын 2 жыл бойы әртүрлі сылтауларды айтып сендіріп келген. Ал сабыры таусылған жәбірленуші, алаяқтың құрбаны болғанын сезіп, полициядан көмек сұрайды. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтардан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды. Қандай жағдай болмасын, анық-қанығын білмей, белгісіз азаматтарға ақша аудармауға және бермеуге, сенбеуге қатаң ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТТЫҢ 74 ТҮРІ ДАМЫТЫЛЫП, 18 490 СПОРТШЫ МЕН 912 ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДЕ

smarttop

Полицейлері тұрғынның үйінен автокөлік бөлшектерін жымқырған ер адамды анықтады

smarttop

Пікір қалдыру