0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЙТПАС-1 ЖӘНЕ ҚҰРСАЙ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛУДА

Шалғай орналасқан елдімекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі қала әкімі М. Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Қайтпас- 1 және Құрсай да оптикалық желі арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде.
• Құрсай шағын ауданы 100% оптика желісімен қамтылып, тұрғындар сапалы интернетті қолдануда.
• Қайтпас-1де Академиялық, Ғалымдар,
Жаскент,
Ақ қайнар көшелеріне оптика желісі тартылды. Көркем және Али Түзелбаев, Астық көшелеріне магистралды желі кабельдері тартылды. Сонымен қатар, серверлік үй жайда порттарға қосу жұмыстары атқарылып, Wi-fi роутерлардың конфигурациялары жазылды.Осы орайда, бірінші кезекте халықты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету және ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздікті азайту мәсе­лесі қолға алынуда. Болжам бо­йынша бұл жоба электронды сауда-саттықты жандандыру, электрондық үкімет қызметтерін, білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы интерактивті құралдарды енгізу есебінен ел дамуына елеулі әлеуметтік-экономикалық серпін беруі тиіс.Жоғарыда атап өтке­німіздей, ауылды кең жолақ­ты интернет қызметіне қосу ел экономикасын модер­ни­за­циялау ісін жеделдету мақсатындағы іргелі шара­лардың үлкен бір бөлігі. Осы­ның арқасында онлайн сау­да, мобильді банкинг, денсаулық сақтау, білім беру сияқты басқа да маңызды салалар дамудың жаңа кезеңіне қадам басады.Білім беру мекелеріндегі ең қажетті құрал ол интернет екендігі бәрімізге белгігі. Сондықтан сапалы интернетпен қамтылу ол бірінші орына тұр. Қажеттілігі зор интернет Қайтпас және Құрсайда қосылуда.
Қыркүйек айына дейін жалпы 80 көше толық оптика желімен қамтылып, аталған елдімекен тұрғындары сапалы интернетке қосылуға мүмкіндік алады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар

Ұқсас ақпараттар

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДАҒЫ СУ ҚҰБЫРЫ ЖЕЛІСІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА: ТОЗҒАН ЖҮЙЕ ТОЛЫҚ АУЫСТЫРЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 145 ОТБАСЫҒА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ

smarttop

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ЖОСЫҚСЫЗ МЕРДІГЕРЛЕРГЕ ШАРА ҚАБЫЛДАУ ҚАЖЕТ»

smarttop

Пікір қалдыру