ҚР Премьер-Министр Ә.Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстанның қаңтар-шілде айлары арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қарау барысында Шымкент қаласында барлық көрсеткіш бойынша оң динамика қалыптасқанын айтып өтті. Қаладағы барлық көрсеткіш бойынша ең ауқымды өнеркәсіп саласы боййынша және ішіндегі өңдеу жұмыстары бойынша барлық қабылданған мемлекеттік бюджеттің пайызын жоғарылату болып саналады.Астында көрсетілген статистикалардың барлығы сауда- саттық арқылы көбейіп жатыр, Яғни тұтынатын адам тұтынушы болса, шағын және орта бизнестердің тұтыну өнімдері бойынша өсім қабылдап жатыр.Шымкент қаласының барлық көрсеткіштері жақсы деңгейде көтеріліп келеді. Ол дегеніміз Шымкент қаласының экономикалық жағдайы оң көрсеткіштерге ие. Көрсеткіштер саны жоғарыланған сайын барлық инфроқұрылымдық жүйе іске көбірек асады. Әрбір сала жағынан нақты көлемдік пайыздық көрсеткіштік мәнге ие болатын өнімдері болады. Инфроқұрылымдық жүйе қала экономикасына жоғары деңгейде көрсетеді. Әрбір саласы бойынша тоқталып өтсек, астындағы статистикаға мән береміз:
• Өнеркәсіп өнім көлемі 507,5 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 108,4 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 109,6 пайыз болып отыр.
• Инвестиция көлемі 219,1 млрд.теңге болып, 28,6 пайызға артты. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 52,6 млрд.теңге, жеке көздерден 166,5 млрд.теңге.
• Құрылыс жұмыстарының көлемі 76,7 млрд.теңге немесе 120,5 пайыз құрады.
• Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 371,8 мың шаршы метр немесе 115 пайыз болды.
• Жалпы сауда көлемі 946,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 9,8 пайызға артты.
• Жалпы көлік көлемі 158,5 млрд. теңге болып, 107,2 пайызды құрады.
• Байланыс қызметі 4,8 млрд. теңгені немесе 104,7 пайызды құрады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі