Шалғай орналасқан елдімекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі қала әкімі М. Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Қайтпас- 1 және Құрсай да оптикалық желі арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде.
• Құрсай шағын ауданы 100% оптика желісімен қамтылып, тұрғындар сапалы интернетті қолдануда.
• Қайтпас-1де Академиялық, Ғалымдар,
Жаскент,
Ақ қайнар көшелеріне оптика желісі тартылды. Көркем және Али Түзелбаев, Астық көшелеріне магистралды желі кабельдері тартылды. Сонымен қатар, серверлік үй жайда порттарға қосу жұмыстары атқарылып, Wi-fi роутерлардың конфигурациялары жазылды.Осы орайда, бірінші кезекте халықты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету және ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздікті азайту мәселесі қолға алынуда. Болжам бойынша бұл жоба электронды сауда-саттықты жандандыру, электрондық үкімет қызметтерін, білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы интерактивті құралдарды енгізу есебінен ел дамуына елеулі әлеуметтік-экономикалық серпін беруі тиіс.Жоғарыда атап өткеніміздей, ауылды кең жолақты интернет қызметіне қосу ел экономикасын модернизациялау ісін жеделдету мақсатындағы іргелі шаралардың үлкен бір бөлігі. Осының арқасында онлайн сауда, мобильді банкинг, денсаулық сақтау, білім беру сияқты басқа да маңызды салалар дамудың жаңа кезеңіне қадам басады.Білім беру мекелеріндегі ең қажетті құрал ол интернет екендігі бәрімізге белгігі. Сондықтан сапалы интернетпен қамтылу ол бірінші орына тұр. Қажеттілігі зор интернет Қайтпас және Құрсайда қосылуда.
Қыркүйек айына дейін жалпы 80 көше толық оптика желімен қамтылып, аталған елдімекен тұрғындары сапалы интернетке қосылуға мүмкіндік алады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар